Қазақстан бірінші болып қаржы пирамидасына салынған қыруар қаржыны шетелден қайтарды

0
319

Ұрланған қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды.


Қазақстан бірінші болып қаржы пирамидасына салынған қыруар қаржыны шетелден қайтарды

ERNUR.KZ. Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып криптоактивтер арқылы қаржы пирамидасына заңсыз тартылған 250 млн теңге шетелден қайтарып алды, деп жазады sputnik.kz.

Агенттік мамандары заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, екі жарым айдың ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан "Eolus" жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Оған Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу мен Түркістанна 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды.
Соттымен шешімімен қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Қылмыстың іздерін жасырып, жиналған қаражатты кедергісіз иемдену мақсатында, пирамидыны ұйымдастырушылар салымшылардың түскен барлық қаржылық ағындарды көптеген транзиттік крипто әмияндарды пайдалану арқылы жасырған. Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияларды анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты", - делінген ресми хабарламада.
Ұрланған қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды. Енді оны жәбірленушілерге таратып береді.
"Әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген. Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр", - дейді агенттік мамандары.
Айта кетері, қаржы жинаумен айналысатын кез келген компанияны "Baiqa, piramida! " телеграм боты (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) арқылы тексеруге болады. Бұдан бөлек, агенттіктің сайтында қаржылық пирамидалар (https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/activities/48291?lang=kk&parentId=48274) мен олардың қызметінің белгілері бар жобалар тізімі жарияланады.