Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Фото: ЗТБ / ТЖМ
ERNUR.KZ. Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері ғимараттағы өрттен кейін онлайн оқытуға көшіріледі, деп жазады inbusiness.kz.
Сенбі күні ҚБТУ ғимаратының 4-қабатынан өрт шыққан болатын. Тілсіз жау тез арада оқшауланып, жойылды. ЖОО мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
"Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тексеру жүргізілуде. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады", – деп жазылған университеттің ресми түсініктемесінде.
Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан-Британ техникалық университетінің шатыры түтіндеп, жана бастағанын жазғанбыз.