Қазақстан делегациясы АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге барды

0
122

Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында делегация осындай жұмыс сапарларымен Корея Республикасына, Францияға және Қытайға барған болатын.


Қазақстан делегациясы АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге барды

фото: Лев Шерстенников

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің басшылығымен қазақстандық делегация АЭС құрылысына арналған технологияларды таңдау үшін Ресейге жұмыс сапарымен барды, деп жазады sputnik.kz.
"Сапардың негізгі мақсаты АЭС-ті пайдалану тәжірибесімен танысу және ВВЭР-1200 реакторлары бар 3+ буынды энергетикалық блоктардың технологияларын зерттеу болды. Делегация Ленинград АЭС-іне барып, станцияжұмысының негізгі техникалық аспектілерімен танысты, соның ішінде блоктық басқару пунктінің құрылғысы, турбина цехы, зертханалық кешен және энергоблоктардың салқындату жүйесі ұсынылды. ВВЭР-1200 реакторы – "Росатом" мемлекеттік корпорациясының флагмандық жобасы", - делінген министрлік хабарламасында.
Ресейге сапар Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен бәсекелестік диалогтың қорытынды кезеңі болды.
Бұған дейін 2024 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында делегация осындай жұмыс сапарларымен КореяРеспубликасына, Францияғажәне Қытайға барған болатын.
"Росатом" мемлекеттік корпорациясы корейлік KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF компанияларымен бірге "шорт-тізімге" енген.
Сапар барысында делегация Ленинград АЭС басшылығымен консультациялар өткізіп, станцияның инфрақұрылымымен танысты.
Сондай-ақ, делегация АЭС-тің серіктес қаласы – Сосновый Борға барды. Ол – заманауи ғылыми қала және ғылыми-инженерлік құзыреттер орталығы болып саналады.
"Бүгін біз ядролық энергетика саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған жұмыс сапарларымызды аяқтадық. Ленинград АЭС-іне бару қоршаған ортаны қорғау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін технологиялар мен қауіпсіздік шараларымен терең танысуға мүмкіндік берді", - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ленинград АЭС-і– Ресейдегі орнатылған қуаты бойынша ең ірі және екі түрлі типтегі энергоблоктар жұмыс істейтін жалғыз АЭС.