Энергетик күні елімізде желтоқсанның әр үшінші жексенбісінде тойланады.
Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Энергетиктер, электриктер, жылу техниктері, ЖЭО, су электр станцияларының қызметкерлері, энергетикалық жабдықтарды монтаждаушылар мен жөндеушілер – осы мамандардың еңбегінің арқасында біздің үйімізде жарық пен жылу бар, ал еліміздің әлеуметтік нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындары – тұрақты энергиямен қамтамасыз етіліп отыр.Қазіргі уақытта Қазақстан жаңартылатын энергетиканы белсенді дамытып, Орталық Азияда осы секторда көшбасшылар қатарында.
Энергетика саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!