Қазақстан гендерлік теңдік индексінде бір жылда 14 орынға төмен сырғыды

0
176

Ерлер мен әйелдер үшін тең жағдай ұсынатын ең озық ел болып Исландия танылды.


Қазақстан гендерлік теңдік индексінде бір жылда 14 орынға төмен сырғыды

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Қазақстан гендерлік алшақтықтың жаһандық индексінде биыл 146 елдің ішінде 76-ыншы орынға орналасты, ал бір жыл бұрын 62-інші орында тұрған болатын, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан посткеңестік кеңістік елдері арасында тек Қырғызстаннан (9 позициядан айырылып, 90-шы орынға ие), Әзербайжаннан (минус 6 позиция, 103-ші орын) және Тәжікстаннан (минус 1 позиция, 112-ші орын) жоғары тұр.
Ерлер мен әйелдер үшін тең жағдай ұсынатын ең озық ел болып Исландия танылды. Жалпы алғанда, гендерлік теңдіктің ең жоғары деңгейі сақталған топ-5 мемлекеттің төртеуі Солтүстік Еуропада орналасқан. Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында Литва (11-ші), Молдова (13-ші), Эстония (29-шы), Латвия (30-шы) жоғары орындарға ие болды.
Естеріңізге салсақ, жаһандық гендерлік алшақтық индексі жыл сайын гендерлік паритеттің қазіргі жағдайы мен эволюциясын төрт негізгі өлшем бойынша бағалайды – экономикалық қатысу және мүмкіндіктер, білім деңгейі, денсаулық пен өмір сүру, әйелдердің саяси мүмкіндіктерін кеңейту.