Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО-да көш бастап тұр

0
733

Жалпы одақ елдерінде инфляция қарқыны төмендеп келе жатқаны хабарланды.


Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО-да көш бастап тұр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында айтылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Жалпы одақ елдерінде инфляция қарқыны төмендеп келе жатқаны хабарланды. Алайда, Қазақстан бағаның өсуі бойынша ЕАЭО-ның басқа елдерінен әлі де алда тұр.

Өткен айда ЕАЭО-да жылдық инфляция 4,6% деңгейінде белгіленді. Осы уақыт ішінде одақ елдеріндегі бағалар орта есеппен 0,4%-ға өсті, ал жыл басынан бері бұл өсім 3%-ды құрады.

Бұл ретте Қырғызстан ай сайынғы инфляция бойынша көшбасшы болғанын нақтылаған жөн. Онда бағаның айлық өсімі 0,7% шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 0,5%-ға жетті.

Алайда, жылдық бөліністе Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен одақтың өзге елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Комиссия көрсеткен барлық санаттарда Қазақстан көш басын бермей тұр. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатына теріс әсер ететіні сөзсіз.