Әлинұр мен Бекнұр "Ертегі әлемі" әнін орындады.
ERNUR.KZ. 19 желтоқсанда Париждегі La Seine Musicale залында өткен Junior Eurovision халықаралық музыка байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен 11 жастағы Әлинұр Хамзин мен 8 жастағы Бекнұр Жәнібекұлы сегізінші орын алды, деп жазады Tengrinews.kz.
Әлинұр мен Бекнұр "Ертегі әлемі" әнін орындады. Дауыс беру нәтижесі бойынша олар 121 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады.
Байқауда Армениядан келген Малена "Qami, qami" ("Жел, жел") әнін орындап, жеңіске жетті. Ол 224 ұпай жинады.
Екінші орында - Польшадан келген қатысушы Сара Джеймс (218 ұпай), үшінші орында - Франциядан келген жас әнші Энцо (187 ұпай).
Финалға Армения, Албания, Әзірбайжан, Болгария, Франция, Грузия, Германия, Ирландия, Италия, Испания, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Солтүстік Македония, Сербия, Португалия, Польша, Ресей, Франция және Украина секілді 19 елден жас әртістер қатысты.