"Қазақстан халқын қорлаған ең нәсілшіл фильм": Америкалық жазушы "Борат" туралы пікірін айтты

0
854

Көптеген адам мәтіндегі сөзді дұрыс қолданбағаны үшін-ақ көпшілік алдында айыпталып жатады.


ERNUR.KZ. Америкалық жазушы және эссеист Нассим Николас Талеб "Борат" фильмі туралы пікірін білдірді. Философия докторы фильмді "тарихтағы ең нәсілшіл" картинаны деп атады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Әзілдеп тұрсыздар ма? "Борат" - Қазақстан халқын ашық түрде қорлап отырған тарихтағы ең нәсілшіл фильм. Көптеген адам мәтіндегі сөзді дұрыс қолданбағаны үшін-ақ көпшілік алдында айыпталып жатады. Сонда "Сол жақтағылар" Саша Барон Коэнді және (фильм) авторларын Джулианиді (Дональд Трамптың жеке адвокаты - автор) сынға алса, жазасыз қалдыра ма?

Мен "Борат – пародия", "Қыңқылдама" және тағы басқа нәрселер жазғандардың барлығын бұғаттап тастадым. Бірақ мені "пародияның" екіұшты стандарттары көбірек алаңдатады. Кей нәсілдерде осындай әзілдерге (ал шын мәнінде бұл - қорлау) жол берілсе, ал басқаларына болмаса, бұл расизмнің ең сорақы түрі.

Мен Қазақстанда бірнеше рет болдым. Әр жолы жергілікті тұрғындар бұл мәселені көтеріп, Бораттың (елдің) шынайы өкілі емес екенін, бұл фильмнің көп зиян келтіргені әділетсіз екенін және тағы басқа мәселелерді айтатын. Бірде мен Марат есімді жүргізушіні кездейсоқ Борат деп атап қойдым. Реакциясы ашулы болды", - деп қорытындылады Нассим Николас Талеб.

Нассим Николас Талеб - Ливаннан шыққан америкалық эссеист, жазушы, статистика маманы және бұрынғы трейдер, тәуекелдерді анықтайтын менеджер. Философия докторы, "Қара аққу" теориясының авторы.