Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша әлемде 47-орында

0
704

Жыл басынан бері елімізде 87,1 мың құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,1% артық.


Қазақстан қылмыс деңгейі бойынша әлемде 47-орында

ERNUR.KZ. Биыл бірінші жартыжылдықта қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 47-орынға тұрақтады. Елдің индексі 53,04 болды, деп жазады zakon.kz.

Жыл басынан бері елімізде 87,1 мың құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,1% артық.

Ресми статистикаға сүйенсек, биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 10 мың адамға шаққандағы құқықбұзушылық деңгейі бір жыл бұрынғы 91,8 болса, 91,5-ті құраған.

Ең көп құқық бұзушылықтар Алматыда тіркелді: 19,4 мың, плюс бір жыл ішінде 40,3%. Алғашқы үштікке Нұр-Сұлтан қаласы (9 мың құқық бұзушылық) мен Алматы облысы (8,4 мың құқық бұзушылық) кірді. Қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең азы Қызылорда облысында тіркелді: бір жыл бұрынғыдан 1,9 мыңға – 5,2% аз, – делінген Finprom.kz зерттеуінде.

Қылмыстық құқықбұзушылықтардың ең азы Қызылорда облысында тіркелді: бір жыл бұрынғыдан 1,9 мыңға – 5,2% аз. Бұл тізімге Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысы да кірді. Ең жақсы көрсеткіш – кем дегенде ресми түрде – Түркістан облысында атап өтілді: облыстың 10 мың тұрғынына 32,2 құқық бұзушылық.

Әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары рейтингті Венесуэла, Папуа-Жаңа Гвинея және Ауғанстан болса, тізімді Катар аяқтады.

Рейтинг бойынша қылмыс деңгейі Қазақстанға қарағанда ТМД елдері арасында Беларусь пен Қырғызстанда жоғары, ал Молдова, Украина, Ресей, Өзбекстан және Әзірбайжанда төмен.

Осылайша Қырғызстан 36, Беларусь 32, Украина 69, Ресей 94, Өзбекстан 104, Әзірбайжан 111-орында тұр.