Қазақстан қымбатшылық бойынша ЕАЭО ішінде біріншілікті бермей тұр

0
1 092

Баға қымбатшылығы бойынша Қызақстанның жылдық өсімі 9,1%-ды құраған.


Қазақстан қымбатшылық бойынша ЕАЭО ішінде біріншілікті бермей тұр

ERNUR.KZ. Қазақстан қымбатшылық бойынша Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі біріншілікті бермей тұр, деп жазады Atameken Business.

Жылдық инфляциялық өсім – 4,1%-ға теңескен. Мәселен, бір қыркүйек айының өзінде баға 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға жоғарылапты. Беларусьтің көрсеткіші бізден сәл ғана төмен. Ал Ресейдің жылдық инфляциялық өсімі – 4% болса, Қырғыстанда - 2,3%, Арменияда – 0,5%.

Баға қымбатшылығы бойынша Қызақстанның жылдық өсімі 9,1%-ды құраған.

Жалпы еліміз бұл сегментте біренеше айдан бері жоғары тұр. Оның үстіне Еуразиялық одаққа мүше елдерге жіберіліп жатқан экспорт көлімі де көңіл көншітетіндей ахуалда емес.