Қазақстан Қырғызстан азаматтарына елге паспортсыз кіруге тыйым салды

0
714

Бұған дейін Қырғызстан азаматтары Қазақстанға ID-card, яғни жеке куәлікпен кіре алатын. Неліктен мұндай шешім қабылданғаны әзірге белгісіз.


Қазақстан Қырғызстан азаматтарына елге паспортсыз кіруге тыйым салды

ERNUR.KZ. 8 наурыздан бастап Қазақстан Қырғызстан азаматтарына паспортсыз кіруге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазақстан тарапы мұндай шара неліктен қабылданғанын түсіндірмеді. Бірақ бұл коронавирустың таралуына байланысты болса керек. Сеул-Алматы рейсі бар. Кейбір қырғызстандықтар Оңтүстік Кореядан ұшып келіп, шекарада жеке куәліктерін көрсететін", - деп түсініктеме берді Қырғызстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.
Бұған дейін Қырғызстан азаматтары жеке куәлік арқылы Қазақстан мен Ресейге ұша алатын. Қазіргі уақытта Ресей Қырғызстанға қатысты мұндай шектеу қойған жоқ.
Айта кетейік, Қырғызстан мен Қазақстанда коронавирус індеті тіркелмеді. Қытай, Корея және Иран азаматтары үшін карантин енгізілді.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Қытай, Оңтүстік Корея және Иранды коронавирус өршіген елдердің санатына енгізді. Ол жақтан келген азаматтар 14 күнге карантинге орналастырылады.
Air Astana әуе компаниясы 6 наурыздан кейін Алматыдан Гонконгқа ұшуға тыйым салынғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтаннан Парижге рейстер уақытша тоқтатылды, Алматыдан Куала-Лумпурге рейстер 14 сәуірден 31 мамырға дейін толығымен жабылады.
Әуе компаниясы Қазақстаннан Бейжің мен Үрімшіге ұшатын рейстердің барлығын тоқтатты.
Сондай-ақ Алматы мен Мумбай қаласы арасында жоспарланған рейстерге де шектеу енгізілді, деп хабарлады әуе компаниясы.