Қазақстан-Қытай тауар айналымын 55 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр

0
827

Отандық 150-ге жуық компания мен қытайлық 180 бизнесмен ортақ алаңда тиімді ұсыныстар айтты.


Қазақстан-Қытай тауар айналымын 55 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын 2 есе арттырып, 55 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр, деп жазады 24.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Бейжіңге жұмыс сапары барысында осылай мәлімдеді.

Алдағы уақытта ірі инфрақұрылымдық жобаларға Қытай тарапынан инвестиция тарту мақсаты тұр. Қазақстан – Қытай кәсіпкерлері үшін инвестиция салуға қолайлы ел. Бейжіңде бас қосқан екі ел делегациясының пікірі осыған саяды. Отандық 150-ге жуық компания мен қытайлық 180 бизнесмен ортақ алаңда тиімді ұсыныстар айтты.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Басты мақсат – елге жаңа технология тарту, елге жаңа инвестиция тарту. Енді басым бағыт беріп отырған бағыттарымыз ол біріншісі өнеркәсіп, өндіріс өнеркәсібі, яғни өңдеу өнеркәсібі ол салада біз бүгін егжей-тегжейлі мысалы құрылыс материалдарын өндірісінің саласын, мысалы машина жасау саласындағы және тау-кен өндіру саласындағы өзіміздің инвестициялық мүмкіндіктерімізді көрсеттік. Екінші басым бағытқа мына өзіміздің басым бағыт беріп отырғанымыз бұл мынау көлік саласы. Бұл ретте біз бірнеше атап өттік жаңа транскаспийлік көліктік дәлізін яғни тауарларды Қытайдан Еуропаға тасымалдау бойынша жаңа көлік дәлізін дамытып жатырмыз.


Оның шеңберінде Қазақстан аумағында бірнеше ірі инфрақұрылымдық жоба іске асыру мақсаты тұр. Атап айтқанда, Ақтау және Құрық портында терминалдық хабтар құру. Сонымен қатар Бақты-Аягөз жаңа темір жолы салынып жатыр. Бейжіңдегі кездесуге кәсіпкерлермен қатар 9 өңірдің өкілдері де қатысты.

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:

- Қытайлық компания өкілдері бізге келіп, өңірмен танысып кетті. Қазір жаңа ЖЭО (Жылу электр станциясын) салу мәселесін талқылап жатырмыз. Энергетика министрлігіне және жалпы Үкіметке ұсыныстар енгіземіз. Яғни, біз қазір олардың мүмкіндіктерін, шарттарын, нақты жобаны қарастырамыз. Ержан Сағымбаев, отандық инвестор: - 15 жылда мен Қытай елімен жұмыс істеп мына бірнеше цемент завотын Қазақстанда соқтым. Содан тағы бірнеше заводтар болды. Соңғы завод сол осы қытайлармен бірге Қазақстандағы ең бірінші шыны шығару завотының сол жердің председаталі болдым. Қазір сол жердің наблюдательный советінде жұмыс істеймін. Ары қарай да осы Қытай елімен жұмыста болып, тағы да көбірек инвестиция жасауға тырысамын деп ойлаймын.

Жалпы үш күнде В2В форматында кездесулер өтеді. Бұл басқосу Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық әріптестігін нығайтуға жаңа серпін береді.