Қазақстан Қытайға шошқа етін экспорттайтын болады

0
127

Министрлік мәліметінше, экспорт көлемінің ұлғаюы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруға және ауылдық өңірлердің дамуына серпін береді.


Қазақстан Қытайға шошқа етін экспорттайтын болады

Сурет: ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Шанхай қаласында (ҚХР) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы Қазақстаннан Қытайға экспортталатын шошқа етіне қойылатын инспекция, карантин және қауіпсіздік талаптарын реттейтін хаттамаға қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Министрлік мәліметінше, экспорт көлемінің ұлғаюы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыруға және ауылдық өңірлердің дамуына серпін береді.

"Бұл хаттама — Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын дамыту, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарда кеңінен таныту жолындағы маңызды қадам", — деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Әсіресе, инспекция және карантин мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.