Қазақстан Қытаймен ауыл шаруашылық саласында 1 миллиард долларға келісімшарт жасасты

0
232

Қытайдан 40 жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорны қатысты.


Қазақстан Қытаймен ауыл шаруашылық саласында 1 миллиард долларға келісімшарт жасасты

ERNUR.KZ. Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың ірі азық-түлік және ауыл шаруашылығы компаниялары арасында келіссөздер өтті, деп жазады Stan.kz .


Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қазақстанның салалық қауымдастықтарының басшылары, астық, майлы дақылдар мен мал шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ жемшөп өндірушілері мен жеткізушілері, барлығы 30 кәсіпорын қатысты. Олардың қатарында "Сей-Нар" ЖШС, "ПКК Пионер" ЖШС, "Бату Агро" ЖШС, "Аллел Агро" АҚ, "Айтас" АҚ, "EMS Agro" ЖШС, сондай-ақ "Азық-түлік корпорациясы" ұлттық компаниясы бар.

Қытайдан 40 жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорны қатысты.

Қазақстанның Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортының ең көп үлесі дәнді дақылдар мен майлы дақылдарға, сондай-ақ өсімдік майларына тиесілі.

Бүгінгі таңда Қазақстан бидай экспорттаушы әлемдік он жетекшінің бірі және ұн экспортында жетекші орын алады.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері қытайлық тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Өткен жылы Қытайға астық жеткізу көлемі 5,5 есе өсіп, 1,4 миллион тоннаға жетті. Екі мемлекет басшылары жақын арада Қытай нарығына астық жеткізу көлемін 2 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға келісті және қазақстандық тараптың жеткізуді жедел орындауға дайын екендігіне сендірді.

Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар Қытайға 1,1 миллион тонна астық жөнелтті.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап елімізде жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту мүмкіндіктері туралы айтып, қытайлық бизнесті ауыл шаруашылығы саласы мен оның инфрақұрылымына инвестиция салуға шақырды.

Дөңгелек үстел нәтижесінде қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері Қытайдың 10 компаниясымен құны 1 млрд доллар болатын меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.

Атап айтқанда, Қазақстанның жетекші кәсіпорындарының бірі Aitas.kz 100 миллион доллардың құс етін жеткізуге келісті.