Автокөлік қозғалысына, әуе және темір жол қатынасына уақытша тыйым салынған.
ERNUR.KZ. Аспанасты елінен жеткізілетін барлық сәлемдемелерді де қабылдамайтын болды. Өйткені қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Автокөлік қозғалысына, әуе және темір жол қатынасына уақытша тыйым салынған. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары жұрттың үрейін қашырған коронавирус хат арқылы жұқпайды деп сендіреді. Олар қауіпті індет адам ағзасында ғана сақталады, ал тұрмыстық заттар арқылы таралмайды деп отыр.