Қазақстан "қызыл" аймаққа қайта өтті

0
574

Елде эпидемиологиялық ахуал нашарлаған.


Қазақстан

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, республика бір күн бұрын "сары" аймақта болған, ал бүгін "қызыл" аймаққа орын ауыстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірлердегі жағдай сенбімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.