Қазақстан мектептеріне скауттық бағдарлама енгізіледі

0
1 074

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" мақаласында қазіргі заманда зияткер, бәсекеге қабілетті, ұлттық ерекшелігін сақтай алған, өз елі мен қоғам өміріне белсенді араласатын жастардың сұраныста екені айтылған болатын.


Қазақстан мектептеріне скауттық бағдарлама енгізіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2023 жылдың соңына дейін мыңға жуық скауттық жасақтар құрылады, деп жазады Қазақпарат.

Скауттық жасақтар 30 мыңнан астам жас қазақстандықтарды қамтиды.

Бұл туралы "Ұлы дала скауты" қоғамдық ұйымының VIII конференциясында айтылды және "Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасы аясында жас азаматтың мінезін қалыптастыру" скауттық бағдарламасын мектептерге енгізудің жаңа тәсілдері талқыланды.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар" мақаласында қазіргі заманда зияткер, бәсекеге қабілетті, ұлттық ерекшелігін сақтай алған, өз елі мен қоғам өміріне белсенді араласатын жастардың сұраныста екені айтылған болатын. Біздің скауттық бағдарламаның мақсаты да осыған үндес", - деді "Ұлы дала скауты" қоғамдық ұйымының президенті Ильдар Катенов.

Әзірге бағдарлама Астана, Шымкент және Павлодар облысының мектептеріне енгізіліп жатыр. Жақын арада Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстарында жұмыс басталады. "2023 жылға дейін барлық өңірді қамтып, мыңға жуық скауттық жасақ құру жоспарланған. Онда 7-17 жас аралығындағы 30 мыңнан астам бала болады. Бұл үшін ерікті негізде 18 жастан асқан 2 мың ересек адамды оқыту қажет", - деді ол.

Скауттық бағдарлама 4К білім беру моделімен жұмыс істейді: коммуникация, команда құру, креативтілік және критикалық (сындарлы) ойлау. Мұның барлығы жастарды белсенді демалыс пен туризмге тартуға және ойын технологияларына негізделген.