Жаңашылдық автомобиль бақылау бекеттеріне қатысты.
фото: Официальный сайт правительства КР
ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі Қазақстанның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасы арқылы ақылы негізде электронды кезекті пайдаланатын автомобиль өткізу бекеттерінің тізімін бекітті, деп жазады sputnik.kz.
Бұл автокөліктерге, жүктерге және тауарларға қатысты.
Ведомство өткізу бекеттерінің тізімі енгізілген 14 наурыздағы бұйрықты жариялады:
Айша-Бибі;
Ауқатты;
Қарасу;
Кеген;
Қордай;
Сарытөбе;
Сыпатай батыр.
Бұйрық 2025 жылдың 30 наурызынан бастап күшіне енеді.