Қазақстан мен Қытай теміржолшылары жүк тасымалын ұлғайту мәселелерін талқылады

0
169

2025 жылға бекітілген бірлескен жоспарлар экспорттық әлеуетті едәуір арттырады және отандық тауар өндірушілер үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.


Қазақстан мен Қытай теміржолшылары  жүк тасымалын ұлғайту мәселелерін талқылады

фото:"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ басшылығы "Үрімші темір жолы" ЖШҚ басқарма төрағасы Го Цзиань мырзамен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Тараптар 2024 жылы темір жолдардың жұмысын қорытындылады. ҚР мен ҚХР арасындағы тасымалдау көлемі рекордтық 32 млн тоннаны құрады, өткен жылға қарағанда 13% өсіп отыр.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап ағымдағы жылы Достық – Мойынты учаскесінде және Алматыны айналып өтетін теміржол желісінде екінші жолдардың құрылысы мерзімінен бұрын аяқталғанын хабарлады, бұл ҚХР бағытында өткізу қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Тараптар үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап Алтынкөл-Қорғас шекара өткелі арқылы Қазақстаннан Қытайға пойыздарды тапсыруды тәулігіне 8-ден 15 пойызға дейін және де үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен Достық-Алашаңқай шекара өткелі арқылы тәулігіне 14-тен 28 пойызға дейін, 2 есеге ұлғайтуға уағдаласты.

2025 жылға бекітілген бірлескен жоспарлар экспорттық әлеуетті едәуір арттырады және отандық тауар өндірушілер үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.