Қазақстан мен Өзбекстан қосдипломды білім беру туралы меморандумға қол қойды

0
180

Бір саладағы мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық ЖОО студенттері көрші мемлекеттің оқу орнының дипломын ала алады.


Қазақстан мен Өзбекстан қосдипломды білім беру туралы меморандумға қол қойды

ERNUR.KZ. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламасы туралы меморандумға қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Осылайша, бір саладағы мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық ЖОО студенттері көрші мемлекеттің оқу орнының дипломын ала алады.
"2023 жылы оқуды бастаған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірден екі диплом алады. Бүгінгі таңда министрлік жанынан кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі салалық кеңес құрылды, ол саладағы қажеттіліктерді негізге ала отырып, қолданыстағы білім беру стандарттарын өзектендіреді және әзірлейді",– деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.