​Қазақстан мен Түрікменстан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуді көздейді

0
1 295

Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередов Астанаға ресми сапармен келді.


​Қазақстан мен Түрікменстан тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуді көздейді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түрікменстан екі ел арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 563 млн долларды құрап (экспорт – 397 млн доллар, импорт – 166 млн доллар), 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті. 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы елдер 105 млн долларды құрады", - деді Мұрат Нұртілеу.
Сондай-ақ ол тәуелсіздік алғаннан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас достық пен стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқанын айтты.
Мұрат Нұртілеу темір жол, автомобиль және су көлігі саласындағы екі жаққа да тиімді жобаларды еске салды.
"Астрахань – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы" автожолын қайта жаңарту жалғасуда. "Жетібай – Жаңаөзен" (73 км) автожолын, сондай-ақ "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы" учаскесін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Түрікменстан тарапы "Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы" (225 км) автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын бастады", - деді министр.
Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов қазақстандық әріптесіне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты.
"Біздің елдеріміз ұзақ жылдар бойы БҰҰ аясында тиімді жұмыс істеп келеді. Түрікменстан Қазақстанды аймақтық және жаһандық деңгейде қолдайды. Мен қазақ ағайындарға Мағтымғұлының 300 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді", - деді Мередов.
Сонымен қатар, Аралға қатысты мәселелер талқыланды, деді ол.
"Түрікменстан мен Қазақстан тек Орталық Азия елдері ғана емес, сонымен қатар Каспий маңы елдері. Сондықтан біз Каспий теңізіне қатысты мәселелерге де назар аудардық", - деді Түрікменстан сыртқы істер министрі.
Барлық бағыт бойынша екі елдің үкімет пен парламент деңгейінде одан әрі бірлескен жұмысы екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, деді Мередов.