Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстерінің саны 2 есе артады

0
536

Қазақстандық делегацияны азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, түрік делегациясын Түркия авиациялық билігінің бас директоры Кемал Юкшек басқарды.


Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстерінің саны 2 есе артады

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі есе артады. 27 шілдеде екі елдің авиация органдары арасындағы ресми келіссөздер барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық делегацияны азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, түрік делегациясын Түркия авиациялық билігінің бас директоры Кемал Юкшек басқарды. Келіссөздерге қазақстандық Air Astana және SCAT, сондай-ақ түркиялық Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Tailwind Airlines, Freebird Airlines әуе компанияларының өкілдері қатысты.
"Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы рұқсат етілген рейстер санын 2 еседен артық, әр тарап бойынша аптасына 40-тан 93 рейске дейін, соның ішінде Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 13-тен 21 рейске дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар екі ел аумағында рейстер ұшатын жаңа қалалар қосылды", - делінген хабарламада.
Бәсекені дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында қазақстандық тараптың бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Ыстамбұл қалалары аралығындағы бағыттарда баламалы екінші әуе тасымалдаушыларын міндетті түрде белгілеу бекітілді. Бұл жолаушылар үшін әуе компаниялары арасындағы таңдауды кеңейтеді.