ҚР Қорғаныс министрлігі 2024 жылға жоспарланған әскери жаттығулар тізімін жариялады.
ERNUR.KZ. Бұл тұрғыда Түркия Қарулы күштерімен бірлескен "Қабылан жолы-2024" оқу-жаттығуы, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштері бөлімшелерінің қатысуымен "Бірлестік-2024" командалық-штабтық іс-шарасы өткізілмек, деп жазады inbusiness.kz.
Мұнымен қоса, биылғы жоспарда мына жиындар бар:
- "Бекет-2024" кешенді жаттығуы;
- әуедегі шабуылға қарсы қорғаныстың жедел-тактикалық "Ашық аспан-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы;
- Каспий маңы мемлекеттерінің (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей) бірлескен жаттығулары;
- жедел-тактикалық "Айбалта-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы;
- "Тосқауыл-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы.
"Бұл жаттығулардың бұрынғыларынан айырмашылығына тоқталсақ, оқу-жаттығу тұжырымдамасы геосаяси жағдайды, өңірдегі және әлемдегі ахуалды ескере отырып, жыл сайын өзгереді", - делінген министрлік ақпаратында.
Сонымен қатар 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, екіжақты негізде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерімен бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастырылмақ.