Тараптар биылдан бастап осындай транзиттік жүктерді тасымалдауға жыл сайын 3 мыңнан рұқсат бланкілерімен өзара алмасуға келісті.
© Photo
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Түркия автотасымалдаушыларға теңіз порттарынан жүк тиеуге мүмкіндік беру туралы уағдаласты, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Анталья қаласында Қазақстан-Түркия автомобиль көлігі жөніндегі аралас комиссиясының отырысы өтті.
"Тараптар электрондық рұқсаттарға сандық шектеу қойылмайтыны туралы уағдаласты. Бұл келісім тасымалдарды неғұрлым икемді ұйымдастыруға және тасымалдаушылардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Маңызды нәтижелердің бірі – қазақстандық тасымалдаушыларға Түркияның теңіз порттарынан Қазақстанға кейіннен тасымалдау үшін жүктерді тиеуге мүмкіндік берілуі.
Сондай-ақ тараптар 2026 жылдан бастап осындай транзиттік жүктерді тасымалдауға жыл сайын 3 мыңнан рұқсат бланкілерімен өзара алмасуға келісті.


