Қазақстан "мықты" төлқұжаттар рейтингінде 66 орынға тұрақтады

0
1 026

Қазақстан 2022 жылы әлемнің "мықты" төлқұжаттар рейтингінде 65 орынды иеленген болатын.


Қазақстан

ERNUR.KZ. Қазақстан әлемдік төлқұжат индексіндегі позициясын жақсартты, деп жазады stan.kz.

"Қазақстан жаһандық төлқұжат индексіндегі позициясын 66 орынға көтерді", - деді Henley & Partners дәстүрлі төлқұжат индексі.

Зерттеуге сәйкес, Қазақстан ЕАЭО елдерінің рейтингінде 49-шы орындағы Ресей мен 64-ші орындағы Беларусь елдерінен артта қалып, Әзірбайжан, Армения және Өзбекстанды басып озды.

Ал Жапония алғаш рет әлемдегі ең қуатты төлқұжаттар рейтингінде жетекшілік етуді тоқтатып, үшінші орынға жайғасты. Бұл жолы Сингапур көш бастады. Сингапур азаматтары 227 елдің 193-іне визасыз немесе визамен бара алады. Германия, Италия және Испания 190 елге визасыз кіру мүмкіндігімен екінші орынға жайғасты. Үшінші орынды алты мемлекет бөлісті: Австрия, Люксембург, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония. Бұл елдер 189 визасыз бағытқа қол жеткізе алады.

Айта кетейік, Қазақстан 2022 жылы әлемнің "мықты" төлқұжаттар рейтингінде 65 орынды иеленген болатын.