Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

0
655

Соңғы үш күнде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасындағы көрсеткіш өзгерген жоқ.


Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. 17 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, соңғы үш күнде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасындағы көрсеткіш өзгерген жоқ.