Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

0
1 128

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ.


Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

ERNUR.KZ. Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ktk.kz.

Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

"Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл ел бойынша қауіпсіздік шарасы ретінде 6 маусымға дейін "Құқықтық тәртіп" операциясы жүргізіледі. 7-12 маусым аралығында бүкіл полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді, өйткені елде сайлау өтеді", - деді ол.

Министр бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздік үшін қабылданғанын жеткізді.

"Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8-і тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9-ы сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді", - деп атап өтті Тұрғымбаев.

Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ. Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.