Ол бұл қазынашылық құнды қағаздар болатындығын және оларды орналастыру алдағы екі ай көлемінде жүзеге асырылып қалатындығын атап өтті.
ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан Ресей нарығына кем дегенде 500 миллион доллардың көлеміндегі займға арналған бағалы қағаздарды орналастыруды жоспарлап отыр деп мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Биыл біз Ресей нарығына шығуды жоспарлап отырмыз, кем дегенде 500 миллион доллардың бағалы қағазын шығаруды жоспарлап отырмыз. Неліктен ресейлік нарық десеңіздер, өйткені онда сыйақы мөлшерлемелері әлдеқайда арзан, сәйкесінше валюталық қауіп-қатер тәуекелі де шамалы, - деп түсіндірді Смаилов Мәжілістен тыс журналистерге берген сұқбатында.
Ол бұл қазынашылық құнды қағаздар болатындығын және оларды орналастыру алдағы екі ай көлемінде жүзеге асырылып қалатындығын атап өтті.