Қазақстан Ресейдің 21 аймағынан шошқа етінің транзитіне рұқсат берді

0
105

2023 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан шошқалардағы африкалық оба тіркелуіне байланысты Ресейден шошқа өнімдерінің импорты мен транзитіне шектеулер енгізген болатын.


Қазақстан Ресейдің 21 аймағынан шошқа етінің транзитіне рұқсат берді

ERNUR.KZ. Қазақстан 2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Ресейдің 21 аймағынан шошқа етінің транзитіне рұқсат берді, деп жазады sputnik.kz.

2023 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстан шошқалардағы африкалық оба тіркелуіне байланысты Ресейден шошқа өнімдерінің импорты мен транзитіне шектеулер енгізген болатын.
"Россельхознадзор жүргізген жұмыс нәтижелері бойынша Қазақстан тарапы 2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Ресейдің 21 аймағынан ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық талаптарын сақтай отырып, мөрленген көліктерде шошқа еті мен одан өндірілген өнімдердің транзитіне рұқсат берді", - делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, Марий Эл Республикасы, Удмуртия, Чувашия, Краснодар, Приморск, Ставрополь, Хабаровск өлкелері, Владимир, Волгоград, Воронеж, Иваново, Киров, Курск, Пенза, Ростов, Рязань, Самара, Амур, Тверь және Тула облыстары, Ханты-Манси автономиялық округі - Юградан транзитке рұқсат берілді.