2023 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясына жалпы сомасы 2 228,6 млн долларға 1,8 мың тоннаға жуық табиғи уран сатылған.
ERNUR.KZ. 2022 жылдың алғашқы 5 айында Ресейге 216,5 млн долларға 1,9 мың тонна уран экспортталды. Биылғы қаңтар айындағы экспорт көлемі өткен жылдың қаңтар-мамыр айларындағы сатылыммен шамалас, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясына жалпы сомасы 2 228,6 млн долларға 1,8 мың тоннаға жуық табиғи уран сатылған.
Datahub Telegram-арнасының жазуынша, жыл басында Қазақстан Ресейден өзге мемлекеттерге “ештеңе” сата қоймаған. Әңгіме "бейорганикалық химия өнімдері, бейорганикалық немесе органикалық бағалы металдардың, сирек жер металдарының, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың қосылыстары" тобы туралы болып отыр.
"Сонымен, қаңтар айында жоғарыда аталған өнімдердің экспорты 299,8 млн долларды құрады, оның 83%-ы Ресейдің (және 76%-ы уран саудасы) үлесі. Айта кетерлігі, өткен жылдың желтоқсанында, осы ірілендірілген топ бойынша әлемнің барлық елдеріне экспорт 591,5 млн долларды құрады және оның тек 32%- ы (немесе 186,8 млн) Ресей Федерациясына тиесілі болды", - делінген хабарламада.