«Қазақстан» шахтасында қалып қойған 3 шахтердің қай жерде екені белгілі

0
3 059

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды.


«Қазақстан» шахтасында қалып қойған 3 шахтердің қай жерде екені белгілі

ERNUR.KZ. «Қазақстан» шахтасында қалып қойған 3 шахтердің шамамен қай жерде екені белгілі. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Екі шахтердің мүрдесі бастапқы болған жерлерінен табылды. Белгілі бір уақытта олардың сыртқа шығуға талпынғаны байқалады. Қозғалыстары көрініп тұрды. Содан кейін олар көмек күтіп бір орында қалған. Неге олар шыға алмады? Өйткені олар құтқарушылар жетуі мүмкін емес аймақта болған», - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Оның атап өтуінше, шахтада температура жоғары болып, қатты түтіндеген.

«Өте қою түтін болды. Қозғалу мүмкін емес. Сол себепті кеше кешкісін ғана бірінші адамға, бүгін таңға жақын екінші адамға жете алды. Қазіргі уақытта қалған үш шахтердің жүйе ажыраған сәтте қай жерде болғанын білеміз. Оларға 3 топ жылжып барады», - деді Вадим Басин.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жалғасып жатыр.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.