Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылғанын хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.
Қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған.
Тоғыз бөгет тұрғызылып, 100% толтырылған. 3 бөгеттің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
«Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда. Газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды», - дейді Жанна Дәуренбекова.
Еске сала кетейік, 17 тамызда болған өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кеншінің де қаза тапқаны расталған.