Қазақстан SPECA бағдарламасының 25 жылдығына арналған көрмеге қатысты

0
1 385

Аталған көрмеге еліміздің өңдеу өнеркәсібінің 62 кәсіпорны қатысып, 200-ге жуық өнім түрін ұсынылды.


Қазақстан SPECA бағдарламасының 25 жылдығына арналған көрмеге қатысты

Ағымдағы жылғы 22-25 қараша аралығында Баку қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың қатысуымен "Орнықты даму мақсатында өңірлік ынтымақтастық" тақырыбында SPECA-ға қатысушы елдердің қатысуымен БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (SPECA) 25 жылдығына арналған көрме өтті, деп жазады inbusiness.kz

Аталған көрмеге еліміздің өңдеу өнеркәсібінің 62 кәсіпорны қатысып, 200-ге жуық өнім түрін ұсынылды.

Өнімдер металлургия өнеркәсібінен, оның ішінде қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінен ұсынылған.

Сонымен қатар, қазақстандық стендке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, оның ішінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.