Қазақстан Ресей Федерациясына экспортты 40%-ға арттырды.
ERNUR.KZ. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ТМД елдері арасында Ресейге тауар жеткізу жөнінен әлі күнге дейін Қазақстан көш бастап тұр, деп жазады ulysmedia.kz.
Қазақстан Ресей Федерациясына экспортты 40%-ға арттырды.
"Таяу шет мемлекеттер арасында Ресей үшін ең ірі тауар жеткізуші болып қала беретін Қазақстан жеткізілімдерді 38% -ға – 4,9 миллиард долларға дейін ұлғайтты", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, таяу шетелдерден Ресейге тауарлардың экспорты бірінші жартыжылдықта 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өскен.
Қырғызстан – Ресейге экспортты қысқартқан жалғыз ел, айырқалпақты ағайындар Ресей Федерациясына 389 миллион доллардың тауарын жеткізген.