2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі шеңберінде ведомствоаралық УҚТ радиобайланысты дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда ТМД-да бұл жүйенің аналогтары жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан радиобайланысының шашыраңқы транкингтік желілерін біріктіру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар өткізілді. Бұл қызметтер арасында бірыңғай байланыс платформасын құруға негіз болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңа базалық станцияның интеграциялануының арқасында Павлодар мен Түркістан қалаларында цифрлық радио желісіне қосылған 12-ші және 13-ші өңірге айналды. Бұл елдің басқа өңірлеріне де қосылуға серпін берді.
Желіні дамыту шеңберінде Шымкент, Абай, Петропавл, Қызылорда және Ақтау қалаларында тағы 8 транкингтік базалық станция енгізу жоспарлануда. Бұдан басқа қолданыстағы базалық станциялар Алматыдан Қостанайға, Түркістаннан Көкшетауға берілетін болады. Ақтөбеде монтаждау жұмыстары басталды.
Желіні пайдаланушылар санын ұлғайту және радиобайланыстың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін ауқымды техникалық қайта жарақтандыру жүзеге асырылады.
Шымкент, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола және Түркістан облыстарының департаменттері 1141 алып жүретін радиостанция, PTT үлкен кнопкасы бар 350 гарнитура, 67 мобильді және 24 стационарлық радиостанция, 35 спутниктік телефондар, 22 ұшқышсыз ұшу аппараты, 11 алып жүретін және 27 стационарлық ретранслятор сатып алады.