Қазақстан үшін құрастырылған Қытайдың жүк тепловозы желтоқсанда елге жеткізіледі

0
275

Қытайда конвейерден магистральдық жүк тепловозының жаңа түрі шықты. 2026 жылға қарай Қазақстанға жүзден астам жаңа техника экспортталады.


Қазақстан үшін құрастырылған Қытайдың жүк тепловозы желтоқсанда елге жеткізіледі

фото / ELIZABETH DALZIEL

ERNUR.KZ. Жаңа жүк локомотивінің ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құрайды. Ол қатал ауа райы жағдайында жұмыс істеуге арналған. Конструкторлар тепловоз конструкциясына қатты аязға төзімділік пен жел мен құмнан қорғанышты енгізді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл ретте тепловоз заманауи экологиялық талаптарға толықтай сәйкес келеді. Ақпан айында "Қазақстан темір жолы" компаниясы қытайлық серіктесімен магистральдық жүк тепловоздарын сатып алу туралы келісімшартқа отырды. Бұл екі ел арасында бұрын-соңды қол қойылған ең ірі теміржол көлігіне тапсырыс. Локомотивтің алғашқы партиясы Қазақстанға эксплуатациялық сынақтан өту үшін желтоқсан айының ортасына дейін келеді деп күтілуде.
"Локомотив біздің компания әзірлеген қуатты, энергияны үнемдейтін және экологиялық таза дизельдік қозғалтқышпен жабдықталған. Оның борттық компьютерлік жүйесі машинистердің әрекеттеріне жоғары жауап беру жылдамдығын, аз кідірістерді, негізгі жүйелердің біркелкі және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. Локомотив конструкциясы минус 50°С температурада пайдалануға мүмкіндік береді. Машинист пен оның көмекшісінің кабинасы да оңтайландырылған, операциялық жүйе дисплейлердегі ақпаратты қытай тілінен орыс тіліне бір рет басу арқылы аударуға мүмкіндік береді", - CRRC компаниясының локомотивтерді дамыту бөлімінің конструкторы Ци Сюй.
ТЭ36А-8001 тепловозы бір жыл бұрын CRRC мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы арасында жасалған шарт бойынша жеткізілуі тиісті жүздеген магистральдық жүк тепловозының алғашқысы болмақ.
Қуаты 3,5 МВт және шамамен 200 г/кВт-сағ отын шығыны бар жаңа буынға жататын 12 цилиндрлі 12В265С дизельді қозғалтқышы локомотивтің негізгі күші болды. Қытай корпорациясы шығарған локомотивтерге FXN3C магистральдық жүк тепловозы конструкциясы бойынша ұқсас деуге болады.
"Далянь зауыты шығарған 100 тепловозды экспорттау Қазақстан темір жолының өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады және ескі паркті жаңартады. Біз Далянь зауытымен 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Бұл ынтымақтастық одан әрі дами бермек. Бүгінде біз электровоздар, моторлы-вагонды жылжымалы құрам және таза энергиясы бар локомотив бойынша мәселелерді қарастырып жатырмыз", - деді "Қазақстан темір жолы" компаниясы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Орынбасаров.
Болжам бойынша желтоқсан айының ортасында тепловоз "Достық" шекара бекетіне келіп, ҚТЖ өкілдеріне сынақтан өткізуге тапсырылады. Қытай тарапы келісімшарттағы тапсырысты 2026 жылдың соңына дейін орындауды жоспарлап отыр.