Конференцияны ҚХР Білім министрлігі мен Чжэцзян провинциясының халық үкіметі ұйымдастырды.
Фото: Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясы — 2026 (World Digital Education Conference) іс-шарасына қатысты, деп жазады inform.kz.
Конференция барысында қазақстандық делегация ашылу рәсіміне, пленарлық отырысқа және цифрлық білім беру ортасын дамытуға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге, білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және цифрлық экономикаға қажетті кадрларды даярлауға арналған панельдік сессияларға қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша Жұлдыз Сүлейменова жасанды интеллект пен білім беру саласындағы Ханчжоу бастамасын қабылдау рәсіміне қатысты.
— Құжат білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын жауапты, адамға бағдарланған және инклюзивті түрде қолдануға бағытталған халықаралық ұстанымдарды қамтиды. Конференцияға қатысу білім беруді цифрландыру бағытындағы озық халықаралық тәжірибені зерделеуге және Қазақстанның білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні дамытудың келешекті бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.


