Қазақстан жемқорлық рейтингінде 180 елдің ішінде 113-орында

0
1 953

Елімізде соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстары азайғанымен, келген шығын көлемі артқан.


Қазақстан жемқорлық рейтингінде 180 елдің ішінде 113-орында

ERNUR.KZ. Қазақстан жемқорлық рейтингіндегі көрсеткішін жақсартты. Халықаралық Transparency International жемқорлықпен күрес ұйымы жасаған зерттеудің қорытындысы осыған саяды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2019 жылы еліміз 100 пайыздық көрсеткіштен 34 балл жинап, 180 мемлекеттің ішінде 113-орыннан көрінген. Бұған дейінгі екі жылда көрсеткіш индексі 31 болған. Ең төменгі балл 2015 жылы – 28 болған еді.

Айта кетсек, Transparency International қоғамдық ұйымы 25 жылдан бері әлемнің 180 еліне зерттеу жүргізіп келеді. Өткен жылды қорытындылаған ұйым сарапшылары жемқорлық, сайлау кампаниялары мен үкіметі ықпалды тұлғаларға құлақ асатын елдерде жиі кездесетінін анықтаған. Демек, біздің елде де осы белгілер бар. Оны құқықтық статистика мамандары келтірген деректен байқауға болады. 2020 жыл басталғалы тергеу аяқталған 136 қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар, 28 іс жемқорлыққа қатысы жоқ деген негізбен басқа іске ауыстырылды. Ал 135 млн 300 мың теңгені ұсталғандар өз еріктерімен өтейтін болды. Жемқорлыққа барғандардың дені қызметтік бабын асыра пайдаланғандар. Ең көп шығын солардан келген – 98,8 млн теңге. Жалпы осы жылдың екі айында ғана жемқорлықтан келген залал – 171,9 млн теңге.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев: «Қазақстанда соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстары азайып, келетін шығын сомасы артты» деген еді.