Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Қазақстан өңірлерінің тұрғындары алдағы күндері жолдарда әскери техниканың қозғалысын байқауы мүмкін, деп жазады Stan.kz.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан аумағында 29 маусым мен 2 шілде аралығында кешенді тактикалық оқу-жаттығулар өтеді.
"Іс-шаралар жоспарлы оқу сипатында өтеді және негізінен әскери бөлімдер мен оқу-жаттығу полигондарының аумақтарында жүргізіледі. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін. Жекелеген бөлімшелер оқу-жаттығу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды. Осы уақытта өңірлердегі кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", – делінген министрлік хабарламасында.
Осыған байланысты қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желі пайдаланушыларын және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тек ресми дереккөздерде жарияланатын ақпаратқа ғана сүйенуге шақырды.


