ERNUR.KZ. 2024 жылы Қазақстан 88 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр – бұл бұрын жоспарланған көлемнен аз, деп жазады sputnik.kz.
Министр соңғы мәліметтер ауа райына байланысты болатынын айтты. Сондай-ақ ол Қашағандағы жөндеу жұмыстарының мерзімінен бұрын аяқталуы өндіріс көлеміне әсер етеді деп есептейді.
Бір күн бұрын Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орнында жөндеу жұмыстары аяқталып, Қашағанда өндіру 1 қарашада толық қуатқа шығатыны белгілі болды.