Өндіріс көбейген сайын импорт көлемі де өсті.
ERNUR.KZ. 2022 жылы елімізде 157,1 мың тонна жылқы еті өндірілді, деп жазады ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық.
Өндіріс көбейген сайын импорт көлемі де өсті.
Мәселен, өткен жылдың 12 айында 3,6 мың тонна жылқы еті әкелінсе, 2021 жылы 2,4 мың тонна импортталған.
Осылайша, өсім - 50,2 пайызға жетті.