Министрлік ата-аналарды құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаларды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады, деп жазады Stan.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.
"Білім туралы" заңға сәйкес, балалар 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада тапсыруға болады”, – делінген хабарламада.
Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
- ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Министрлік ата-аналарды құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаларды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырды.