16 маусымда Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтерін қайта қарау туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын.
Фото: unsplash
ERNUR.KZ. Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 26 маусымда электр энергиясының тарифіне қатысты үкіметтің қабылдаған шешімін жариялады, деп жазады zakon.kz.
Журналистер министрден "Ашық НҚА" порталында жарияланған тарифті көтеру туралы бұйрық жобасының не себепті кері қайтарылғанын сұрады.
"Өспейді. 1 шілдеден бастап та өспейді. Осындай шешім қабылданды. Біз қабылдадық. Үкімет қабылдады. Тарифтер көтерілмейді", – деді Ерлан Ақкенженов.
Еске салайық, 16 маусымда Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтерін қайта қарау туралы бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын. Құжат "Ашық НҚА" порталында 30 маусымға дейін талқылануы тиіс еді. Бұған дейін ведомство тарифтердің екінші тоқсанның соңына қарай өсуі мүмкін екенін мәлімдеген.


