Қазақстанда 102 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

0
831

Синоптиктердің айтуынша, рекорд маусымда тіркелген.


 Қазақстанда 102 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 102 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды, деп жазады tengrinews.kz.

Синоптиктердің айтуынша, рекорд маусымда тіркелген. Жалпы, жаздың алғашқы айы аптаппен басталып, күзгі салқын ауа райымен аяқталғаны атап өтілген.

"Маусымның бірінші онкүндігі қалыптан тыс ыстық болды, күндізгі ауа температурасы өткен жылдардағы абсолют максимум рекордын жаңартты. Ауа температурасының мұндай жоғары фоны Иран мен Орталық Азия аймақтарынан тропикалық ауа массаларының тұрақты ығысуына байланысты болды. Сонымен:
  • 4 маусымда Қостанай метеостанциясында ең жоғары температура +38,2 градус тіркелді, бұл соңғы рет 1955 жылы (+35,5 градус) байқалған;
  • 6 маусымда Қызылорда станциясында +41,6 градус ыстық тіркеліп, 2018 жылдың рекорды жаңарды, бұл кезде ауа температурасы +38,7 градус болған;
  • 7 маусымда Петропавл станциясында ең жоғары температура +38 градусқа жетіп, 1998 жылғы рекордты жаңартты (+34,9 градус);
  • сол күні Жезқазған метеостанциясында термометрлер +40,6 градусқа жетіп, 1990 жылғы рекордты (+40,6 градус) қайталады;
  • 8 маусымда Павлодар станциясында абсолют максимум +40 градус болып, 2010 жылғы рекордты жаңартты (+36,5 градус);
  • сол күні Өскемен станциясында термометрлер +37,1 градусқа жетіп, 2008 жылғы рекордты жаңартты (+35,1 градус);
  • бұл күні Түркістан метеостанциясында ауаның максимал температурасы +40,7 градус байқалды, осылайша 1921 жылғы рекорд (+40 градус) жаңарды;
  • 9 маусымда Тараз станциясында абсолют максимум +38,9 градус болып, 2013 жылғы рекордты жаңартты (+36,9 градус);
  • Астанада бір ай ішінде ең жоғары ауа температурасы 6 маусымда тіркелді, ол кезде термометрлер +38,4 градусқа жетіп, 1939 жылғы рекордты (+35,7 градус) жаңартты", - дейді мамандар.