Қазақстанда 2025 жылы құжат алу қанша тұрады

0
213


Қазақстанда 2025 жылы құжат алу қанша тұрады

ERNUR.KZ. 2025 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 240 теңгеге артады, деп жазады sputnik.kz.


2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңге болса, 2025 жылы 3 932 теңгеге дейін өседі. Дәл осы көрсеткішпен құжат жасау қызметінің ақысын есептейді. Мәселен, жеке куәлік үшін 0,2 АЕК алады. Демек, жаңа жылда жеке куәліктің бағасы 787 теңге болады. Ал 36 беттік төлқұжат үшін 8 АЕК немесе 31 456 теңге төлеуге тура келеді.