Қазақстанда 26726 адам коронавирустан ем алып жатыр – министрлік

0
568

Ауруханаларда шұғыл жағдайда медициналық көмек тәулік бойы көрсетіледі.


Қазақстанда 26726 адам коронавирустан ем алып жатыр – министрлік

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 26 726 адам емделуде. Олардың арасында 144 бала бар. Стационарларда 5 718 науқас жатыр. 21 008 адам амбулаториялық ем қабылдауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы науқастардың арасында 198 адамның жағдайы нашар. Дәрігерлер 29 пациенттің жағдайын өте ауыр деп бағалауда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды", - делінген министрліктің хабарламасында.