Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.
ERNUR.KZ. ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 8 сағат 01 минут 28 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.
«Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.