Қазақстанда 430 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұрып жатыр

0
132

Жарты жылдың ішінде Қазақстанға 7,5 миллион шетел азаматы кірген.


Қазақстанда 430 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұрып жатыр

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жүрген шетелдіктердің санын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың айтуынша, биыл жарты жылдың ішінде Қазақстанға 7,5 миллион шетел азаматы кірген. Олардың 7,2 миллионы қайта шыққан.
"Өткен жылмен салыстырғанда 600 мыңға өсті. Олардың 90 пайызы – ТМД азаматтары", - деді Әленов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазір Қазақстанда 212 мың шетел азаматы тұрақты тұрып жатыр. Олар:
Алматы қаласында – 42 мың адам;
Алматы облысында – 32 мың адам;
Астана мен Қарағанды облысында – 17 мың;
Ал 430 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда уақытша тұрады.

"Олардың ішінде 360 мыңы жұмыс істеу мақсатымен, 17 мыңы отбасымен қосылуы, 8 мыңы білім алу үшін, ал 44 мыңы басқа мақсаттармен келген", - деді министрдің орынбасары.