Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр жауып, үсік жүреді

0
745

​«Қазгидромет» РМК 6-8 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.


Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр жауып, үсік жүреді

Синоптиктердің хабарлауынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан аумағына батыс антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, елдің солтүстігінде түнде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, күндіз 15-20 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасының 20-25 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді», – делінген хабарламада.