Қазақстанда алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

0
840

Сондай-ақ кісі тасымалымен айналысатын жүргізушілер мен заңдастырылған көліктердің техникалық байқауына қатысты талаптар күшейтіледі.


Қазақстанда алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

ERNUR.KZ. Қазақстанда енді көлік жүргізушілері онлайн оқып, куәлік ала алмауы мүмкін. Бұл үшін әр азамат автомектепке жазылып, алдымен теориялық білімін жетілдіріп, кейін практикалық тәжірибеден өтеді деп жазады Stan.kz.

Ашық талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау жөніндегі қағидаларға өзгеріс енгізу жоспарланған. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін беру мәселесіне қатысты да түзетулер қарастырылған. Демек алдағы уақытта онлайн және қашықтан оқыту нысандары жұмысын тоқтатады.

Мәселен, қазір теориялық оқытуды онлайн тәртіпте жүргізуге мүмкіндік бар. Енді бұл норманың күші жойылса, оқыту сапасы да айтарлықтай артуы мүмкін. Әрі қаулының жаңа редакциясында әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтыны айтылған.

Министр Марат Ахметжанов жүргізушілерді қашықтан дайындау әдісі сақталуы мүмкін деді. Себебі жол көлік оқиғаларының негізгі себебі бұл емес. Бір жағынан жаңа тәртіп көпшілік үшін тиімсіз бола ма деп топшылайды. Десе де министр емтихан талаптарының күшейтілетінін айтады. Өйткені бұған дейін емтиханға бөгде адамдар кірген деректер тіркеліпті. Сондай-ақ кісі тасымалымен айналысатын жүргізушілер мен заңдастырылған көліктердің техникалық байқауына қатысты талаптар күшейтіледі.